Іс-шаралар » Страница 42 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
2 сынып оқушыларымен  "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
05
мамыр
2023
2 сынып оқушыларымен "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің 2сыныбында "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:9- мамыр мерекесі туралы мәлімет беру. Білім алушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту. Білім алушылар жеңіс күні туралы өлеңдер оқып, ән- би орындады. Сынып жетекшісі: Динар Бейсеналиева
1-сыныбында "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
05
мамыр
2023
1-сыныбында "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие сағаты
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 ЖОББ мектебінің 1-сыныбында "Батырлық пен батылдық" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға Мемлекетіміздің қарулы күштерінің жұмысы туралы мәлімет беру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін арттыру. Сынып жетекшісі: Ғ. А. Айылшиева.
1-сынып білім алушыларымен " Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
05
мамыр
2023
1-сынып білім алушыларымен " Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс"
9 мамыр Жеңіс күніне орай Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 ЖОББ мектебінің 1-сынып білім алушыларымен " Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс туралы мәлімет бере отырып, соғысқа қатысқан батыр ата-апаларымыздың ерліктері туралы баяндау. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ барысында видеороликтер көрсетіліп, білім алушылар би билеп, өлең шумақтарын оқыды. Сынып жетекшісі: А. Ғ. Айылшиева.
"Ерлік даңқы ешқашан өшпейді".
05
мамыр
2023
"Ерлік даңқы ешқашан өшпейді".
"Ерлік даңқы ешқашан өшпейді". Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқ­талғанына 78 жыл толады. Осыған орай мектебімізде кітап көрмесі ұйымдастырылды.Қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Сол кезде алапат соғыс алаңында қаншама қазақ жас­тары қыршыннан қиылып, елін сақтап қалу үшін соңғы демі қалғанша күресті.
Мемлекет және қоғамдық-саяси  қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жыл толуына орай қайраткер тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
04
мамыр
2023
Мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125
Мемлекет және қоғамдық-саяси  қайраткері Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жыл толуына орай аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Төлетбек Ардақ Бақытбекқызы, аудандық ақсақалдар кеңесінің  төрағасы Байсейіт Жылысбаев, Ойтал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұматаев Мұрат Сағындықұлы тағы басқа зиялы қауым бастаған қонақтар  Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебіне 
"Көшеде жүру тәртібін сақтау " тақырыбында "Жол ережесінің қауіпсіздігі " атты айлықтың ашылуы
04
мамыр
2023
"Көшеде жүру тәртібін сақтау " тақырыбында "Жол ережесінің
Қабылбек Сарымолдаев атындағы #12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 4 мамыр күні "Көшеде жүру тәртібін сақтау " тақырыбында "Жол ережесінің қауіпсіздігі " атты айлықтың ашылуы салтанатты түрде өткізілді.Ашылу барысында мектеп инспекторы Е.Тупеков көшеде жүру тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, айлық жоспар барысымен оқушыларды таныстырып өтті.
«Біз екпені қолдаймыз!» атты ұранмен, "Екпе алу маңызы", "Балалар гигиенасы" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
03
мамыр
2023
«Біз екпені қолдаймыз!» атты ұранмен, "Екпе алу маңызы", "Балалар
27.04.2023ж  Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 24-30 сәуірдегі  Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған «Біз екпені қолдаймыз!» атты ұранмен "Екпе алу маңызы", "Балалар гигиенасы" тақырыптарында аудандық орталық емханасының Салауатты өмір салты орталығының дәрігері Сағындық А.М және мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1-4 сыныптары арасында " Ынтымақ-достық кепілі" тақырыбында фестиваль өткізілді.
28
сәуір
2023
1-4 сыныптары арасында " Ынтымақ-достық кепілі" тақырыбында фестиваль
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш 1-4сыныптары арасында " Ынтымақ-достық кепілі" тақырыбында фестиваль өткізілді. Мақсаты:1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін білім алушыларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Мереке барысында білім алушылар әр ұлттың биін билеп, әндерін , сондай-ақ мерекеге байланысты тақпақтар айтты.Сынып жетекшілер: Д. Бейсеналиева, А.Сугралиева, Т.Бейсебаева , Ғ.Айылшиева. 
"Бірлік пен ынтымақ күні" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
28
сәуір
2023
"Бірлік пен ынтымақ күні" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбында 1-Мамыр "Бірлік пен ынтымақ күні" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Қазақстан халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта тәрбиеленушілердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру.Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестірін қосуға баулу. Ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Тәрбиеші:Алимханова Айгуль Жолдасимовна 
«Ғасыр дертінен сақтанайық!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
28
сәуір
2023
«Ғасыр дертінен сақтанайық!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
9 сынып оқушыларымен «Ғасыр дертінен сақтанайық!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескере отырып, оны болдырмаудың алдын-алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіе айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ