23
қараша
2022
Математика пәнінен мектепішілік олимпиада
Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау мақсатында мектепте 22-29 қараша аралығында мектепішілік пәндік олимпиада басталды. Математика пәнінен мектепішілік олимпиадаға 8 – 11 сыныптар арасынан 9 оқушы қатысып, ұйымдасқан түрде өтті. Кешіккен, қатыспай қалған оқушы болған жоқ . Кезекшілер өз міндетін жауапкершілікпен атқарды. Мектепішілік олимпиада нәтижесі бойынша 11 сынып оқушысы Таңат Нұрзада ең жоғары балл жинап, жеңімпаз атанды. Ұйымдастыру комитеттерінің шешімімен Республикалық олимпиаданың /аудандық/ ІІ кезеңіне ұсынылды. Пән мұғалімі: Саркулова А.К