24
қаңтар
2022
Қабылбек Сарымолдаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2022 жылдың қаңтар айының 24 күні мектеп асханасында зерделеу жұмыстарын жүргізді.


Қабылбек Сарымолдаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2022 жылдың қаңтар айының 24 күні мектеп асханасында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 25 тамыздағы #36 қаулысының 2-қосымшасында көрсетілген шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезіндегі мектепке тамақтандыруды ұйымдастыруда қойылған талаптардың орындалуы және мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақ сапасы бақыланды. Мониторинг барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы, азық түліктердің уақытылы пайдалануын, олардың сақталу мерзімі, күн сайынғы оқушыларға берілетін ас мәзірінің сәйкестігін, азық-түліктердің тоңазытқышта сақталуын, арнайы қайнатылған ауыз судың болуы, асхана қызметкерлерінің тазалығы, санитарлық жай-күйін және дайын тағамның сапасы тексерілді. Тексеру нәтижесінде асхана жұмысы талапқа сай ұйымдастырылған.