11
қаңтар
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың асхана жағдайын тексеруі. 11.01.2024 жыл
2024 жылдың 11 қаңтарында мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия құрамы кезекті рет мектеп асханасына тексеріс жүргізіп онда комиссия құрамы асхананың санитарлық жағдайын, тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауын, ас мәзірінің дұрыс әзірленуін, сақталуын, ас әзірлейтін азық- түлікпен дайындалған астың сапасын, аспазшылардың денсаулығын, тазалығын, сондай-ақ мектеп асханасында ауыз судың қолжетімділігін, ауыз судың уақытылы ауыстырылуы, асханада тыйым салынған заттардың сатылмауын, сақталу мерзімі қысқа тез бұзылатын тауарларды қабылдауда, жеткізілген тауарлар сапасына бақылау күшейтілсін. Өнімдердің бұзылуы тиісті актілермен расталсын. Шешімнің орындалуын қадағалау директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Бейсеналиев пен мектептің медициналық қызметкері Н.Әбдіқадырға жүктелсін деген шешім қабылданды.
