Іс-шаралар » Страница 29 » Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 3553472
Есепші бөлімі:
+7(726) 3553472
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балақай» шағын орталығының айлығы бойынша
19
наурыз
2024
«Балақай» шағын орталығының айлығы бойынша
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББМ «Балақай» шағын орталығының айлығы барысында «Қызғалдақ» орта топ тәрбиешісі  Даркенбаева Қарлығаш балаларға үй жануарлары туралы білімдерін арттыру мақсатында "Үй жануарлары" атты ұйымдастырған ашық оқу қызметін өткізді.
"Наурыз берекем- Наурыз мерекем" акциясы барысында
15
наурыз
2024
"Наурыз берекем- Наурыз мерекем" акциясы барысында
Қабылбек Сарымолдаев атындағы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінде, "Наурыз берекем- Наурыз мерекем" тақырыбында ұйымдастырылған 10-сыныптан құралған  волонтёрлердің аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету акциясы барысында  15- ші наурыз қайырымдылық күні 10 сынып жетекшісі Г.Майерованың жетекшілігімен мұқтаж жандарға қол ұшын созу,үй шаруасына көмек көрсету және рухани қолдау білдіру, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру мақсатында  зейнеткер ұстаз, ақылшы әже Бегімқұлова Шакизат
"Көктем аруы" атты байқау
15
наурыз
2024
"Көктем аруы" атты байқау
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып арасында "Көктем аруы" атты байқау болып өтті.  Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, казақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқаудың әр кезеңіне арулар белсене қатысты.
Көрісу күні
14
наурыз
2024
Көрісу күні
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 ЖОББ мектебінде ағымдағы жылдың наурыз айының 14-і көрісу күніне орай, мектеп оқушылары мен ұстаздары бір - бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Бұл күнді амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні өкпе-реніштерін кешіріп, бір-бірінің аман саулықтарын тілейді.
Педагогтарді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша аттестаттаудың өзгерістерІмен, түсіндіру жұмыстары
12
наурыз
2024
Педагогтарді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бойынша
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, педагог қызметкерлері мен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы оқыту семинары ұйымдастырылып,түсіндіру-ақпараттық жұмысы жүргізілді. Мектеп директоры И.Ш.Алимхожин Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83
Діни сауаттылықты арттыру бойынша
11
наурыз
2024
Діни сауаттылықты арттыру бойынша
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 11-ші Наурыз күні оқушылардың діни сауаттылығын арттыру және діни экстремизм терроризмнің алдын алу бойынша  жоғарғы  сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат
07
наурыз
2024
Ақпарат
      Қабылбек Сарымолдаев атындағы № 12 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 05 наурыздағы №7/16-90 хатына сәйкес «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша сенбілік ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылық және әлімжеттікпен ақша бопсалаудың алдын алу
06
наурыз
2024
Құқық бұзушылық және әлімжеттікпен ақша бопсалаудың алдын алу
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 6-шы Наурыз күні ЖПҚб және ЮПТ полиция майоры Е.Тупеков жоғарғы сынып оқушыларымен құқық бұзушылық және әлімжеттікпен ақша бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым салынған орындарда жүруге болмайтындығы және ата-аналарға айыппұл салынатынын айтып өтті.
"Тілек ағашы"
01
наурыз
2024
"Тілек ағашы"
1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп психологы Г.Майерованың ұйымдастыруымен "Тілек ағашы" бұрышы жасалынып,оқушылар ұстаздарға алғыстары мен тілектерін жазды.
«Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу»
23
ақпан
2024
«Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу»
Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 23-ш і ақпанында «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.  Мақсаты: Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу.  Жиналыс барысында 7-10 сынып жасөспірім қыздарға ДОІЖО Еркебаева Р. және мектеп психологы Майерова Г. ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кеңес берді. Мектеп медбикесі Әбдіқадір Н.Ж. қыздарға «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында бейне-ролик көрсетті.